*****************************

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************

*******************************

 

21/04/2017

2017 жылдың 20 сәуірі күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында» Елбасы Н.Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген маңызды бағыттарды  талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл    агенттігінің БҚО бойынша департаменті  басшысының орынбасары, әлеуметтану ғыл.кандидаты М.С.Нұртазин, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы Е.Д.Рахматуллин, БҚИТУ профессоры, филология ғыл.докторы  М.Сабыр,  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлы шақырылды. Сонымен қатар біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқып жатқан мемлекеттік қызметшілер мен Орталықтың мамандары  қатысты.

Дөңгелек үстелді Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» директорының міндетін атқарушы Б.Ө.Жексенғалиев алғы сөзбен ашып берді. Қатысушылар Елбасы мақаласының маңызы мен Қазақстанның ғылым-білім, тарих, әдебиет, әлеуметтік және тағы да басқа салалардың дамуына оң ықпалы  туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, отырыс барысында мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Латын әліпбиіне көшу»,  «Ұлттық код» «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» және өзге де мәселелер кең көлемде талқыланып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.


17/04/2017

17-ші ақпанда  2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспар-кестеге  сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы және ауылдық округтері мамандары үшін «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық мәдениеті» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары басталды.

12/04/2017

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,

біліктілігін арттыру және мемлекеттік

тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

тарифін белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылықа алып, Батыс қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту қызметтерінің бір академиялық сағаттық тарифі 579 (бес жүз жетпіс тоғыз) теңге көлемінде белгіленсін.

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Б.Ө. Жексенғалиев) осы қаулының әдлет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Л.Токжановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                        А.Көлгінов

 

Об установлении тарифов государственного

коммунального казенного предприятия

«Центр переподготовки, повышения

квалификации и обучения государственному

языку государственных служащих»

акимата Западно-Казахстанской области

Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 4 июля 2003 года «О государственном имуществе» акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить тарифы государственного коммунального казенного предприятие «Центр переподготовки, повышения квалификации и обучения государственному языку государственных служащих» акимата Западно-Казахстанской области по услугам переподготовки, повышения квалификации и обучения государственному языку государственных служащих за один академический час в размере – 579 (пятьсот семьдесят девять) тенге.

2. Государственному коммунальному казенному предприятию «Центр переподготовки, повышения квалификации и обучения государственному языку государственных служащих» акимата Западно-Казахстанской области (Жексенгалиев Б.У.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Токжанова М.Л.

4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

 

Аким области А.                               Кульгинов

 

04/04/2017

Сәуірдің 4-де КАЗИИТУ оқу кешеніңде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы азаматтарға көшпелі дәріс өткізді.  Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов қоғамдық қабылдау аясында жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жадынамалар таратылды.

31/03/2017

Бүгін облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың бөлім басшылары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім басшылары және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен олардың орынбасарлары үшін ұйымдастырылылған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» тақырыбындағы семинар аяқталып, тыңдаушыларға тиісті үлгідегі сертификат табысталды. Курс бағдарламасы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет негіздерін, экономиканың жаңа бағыттарын, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының негіздерін білуге, жалпы мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

Орал қаласы мен аудан әкімдеріне

Мемлекеттік мекемелер басшыларына

ХАБАРЛАМА

2017 жылдың 27 - 31 наурызы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында»  мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинар-тренингі өтеді.

Семинарда  «ҚАЗТЕСТ жүйесі және мемлекеттік қызметшінің тіл құзыреті», «Терминология мәселелері»,   «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану, сөйлеу мәдениеті»,  «Шешендік өнер алғышарттары», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым»,  «Іс қағаздар стилі», «Аударма теориясы мен практикасы» тақырыптары бойынша белгілі тілші-ғалымдар  дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы-әдіскерлері  практикалық сабақтар мен тренингтер өткізеді.  Семинар  тыңдаушылары қазақ тілінде  тыңдалым, сөйлесім, оқылым жазылым мәдениеті дағдыларын жетілдіріп, тіл мәдениеті және тілдік нормалар, терминдер мен кәсіби сөздерді қолдану, ресми стиль мен стилистика, аударма теориясы мен практикасы, риторика негіздері бойынша қажетті ақпарат алады. Семинар соңында тыңдаушыларға   тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін жетілдіріп, тілдік біліктілігін арттыруға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілерді семинарға шақырамыз. Cеминар құны – 1 тыңдаушыға 15040 т.

Телефон: 24-44-33, факс: 24-47-24

www.ortalyk-bko.kz

e-mail: RCO_ZKО@mail.ru

17/03/2017

Бүгін, наурыздың 17-де,  «Мемлекеттік саясат бағытында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру: жай-күйі мен алға дамуы» тақырыбымен өткен біліктілік арттыру семинары аяқталып, тыңдаушыларға  сертификат берілді. Сертификат тапсыру рәсіміне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Нұртазин   Мирболат Суйеуұлы қатысып, құттықтау сөз айтты.

10/03/2017

Наурыз айының 10-да  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталып, тыңдаушыларға   тиісті үлгідегі куәліктер берілді. Куәліктер тапсыру рәсімінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Исақов       Болат Әлмұханұлы сөз сөйлеп,  мемлекеттік қызметшілерге атқарып отырған жұмыстарында  зор табыстар тіледі.


02/03/2017

Орталықтың ұйымдастыруымен ҚазИИТУ оқу кешенінің негізінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Мейірболат Сүйеуүлы  Нұртазиннің  «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» және «Система местного государственного управления и государственной службы Казахстана» оқу құралдарының  тұсаукесер рәсімі өтті.Тұсаукесер рәсімін орталық директорының міндетін атқарушы Б.Жексенғалиев ашып, шараның мақсаты мен міндеттерін тоқталып,  дөңгелек үстелге қатысып отырған орталық тыңдаушылары мен шақырылған қонақтарға сөз берді.Дөңгелек үстел барысында  Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Е.Әжібаев, БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары В.Иночкин, сондай-ақ ғылым жолында еңбектеніп жүрген жоғары оқу орындарының оқытушылары өз сөздерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының жүйесіне жан-жақты талдау жасалған, мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісінің қалыптасуын, мемлекеттік қызметтің даму кезеңдерін  сипаттайтын ғылыми және іс-тәжірибелік басылым туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқарып жүрген мамандар, магистранттар мен студенттер үшін  жасалған бағалы еңбектің жарияланғанымен құттықтады.

Мейірболат Сүйеуұлы  тұсаукесер рәсіміне қатысқан мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушылары, жергілікті баспасөз тілшілерінің сұрақтарына жауап беріп, өз алғысын білдірді.


27/02/2017

Ақпан айының 27-де  орталықтың 2017 жылға арналған жоспар-кестесіне  сәйкес  «Бюджетті жоспарлау және оны орындау мәселесі. Қаржылық құқықбұзушылықты болдырмау» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары басталды.

24/02/2017

Бүгін орталық негізінде 2017 жылға арналған электораттық оқытудың пилоттық жобасы шеңберінде Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі маслихат хатшылары үшін вебинар өткізді. Вебинар барысында сайлау процесінің қалыптасу кезеңдері, сайлау жүйесі саласында халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын іске асыру талқыланды, сондай-ақ ҚР ОСК электораттық оқыту жөніндегі пилоттық жобасының негізгі бағыттары белгіленді.

22/02/2017

Бүгін мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмысын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер үшін «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз ету» тақырыбындағы 8 сағаттық семинарының ашылуы өтті. Семинар бағдарламасының міндеті - мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен жұмыс істеу, оларға кедергісіз орта қалыптастыру, қолданыстағы заңнаманы түгендеу, мүгедектердің өмір сүрудің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтерге қолжетімділігі үшін жағдай жасау, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасында бұрын көзделген және қазір «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасында іске асырылатын тетіктер арқылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты бойынша дәрістер оқылуда. Семинар соңында қатысушыларға аталған тақырып бойынша сертификат табысталады.

20/02/2017

Ақпан айының 20-да жоспар-кестеге  сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы басталды.

17/02/2017

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында»13-17 ақпан аралығында мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинар- тренингі болып өтті. Семинарға Зеленов, Бөрлі, Шыңғырлау және Тасқала аудан әкімі аппараты мен ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Семинарда«ҚАЗТЕСТ жүйесі», «Терминология мәселелері», «Мемлекеттік қызмет және тілдік құзырет», «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану, сөйлеу мәдениеті», «Шешендік өнер алғышарттары», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым», «Іс қағаздар стилі», «Аударма теориясы мен практикасы» тақырыптары бойынша белгілі тілші-ғалымдар дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы-әдіскерлері практикалық сабақтар мен тренингтер өткізді. Семинар соңында тыңдаушылар бақылау сынақтарын тапсырып, оларға тиісті үлгідегі сертификаттар берілді.


17/02/2017

Ақпан айының 16-да  «Мемлекеттік қызметшілердің басқару мәдениетін жетілдірудегі рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызы» тақырыбы бойынша өткен біліктілік арттыру семинары және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары аяқталып,  тыңдаушыларға  сертификаттар мен куәліктер тапсырылды.

13/02/2017

Ақпан айының 13-де жоспар-кестеге  сәйкес ««Мемлекеттік қызметшілердің басқару мәдениетін жетілдірудегі рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызы» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары басталды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Нұртазин   Мирболат Суйеуұлы семинарды ашып, тындаушыларға сәттілік тіледі.

13/02/2017

Бүгін ақпанның 13-де мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинар- тренингі басталды. Семинарға қатысушылар Зеленов, Бөрлі, Шыңғырлау және Тасқала аудан әкімі аппараты мен ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметшілері. Семинар  тыңдаушылары қазақ тілінде  тыңдалым, сөйлесім, оқылым жазылым мәдениеті дағдыларын жетілдіріп, тіл мәдениеті және тілдік нормалар, терминдер мен кәсіби сөздерді қолдану, ресми стиль мен стилистика, аударма теориясы мен практикасы, риторика негіздері бойынша қажетті ақпарат алады. Семинар соңында тыңдаушыларға   тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.

10/02/2017

Ақпан айының 10-да аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері үшін «Қазақстан Республикасындағы жер қатынастары және ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлік және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында ұйымдастырылған  біліктілік арттыру семинары аяқталып, тыңдаушыларға  сертификат тапсырылды.

Сертификат тапсыру рәсіміне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Нұртазин   Мирболат Суйеуұлы қатысып, құттықтау сөз айтты.


08/02/2017

«Үшінші жаңғыру – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру»

Ақпан айының 8 күні орталық негізінде аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері, облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппаратының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары және мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілер үшін «Үшінші жаңғыру – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді орталық директорының м.а. Б.Ө.Жексенғалиев ашып, шараның басты мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, алғашқы сөзді БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Б.Т.Саткалиевке берді.

Сондай-ақ БҚО ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы М.Б.Бисенов, БҚО жер қатынастары басқармасының бас маманы Б.Ж.Төремұратов мемлекеттік қызметке тың серпін беретін Жолдаудың басты басымдықтарын табысты жүзеге асыру мақсатында іске асырылуға тиіс жұмыстар жөнінде қысқаша баяндама жасады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап беріп, ортақ мәселе турасында өзара пікір алмасты.

Орталық тындаушылары тарапынан Жолдауды кенінен насихаттауды және жан-жақты түсіндіру жұмыстарын тиісті дәрежеде өткізу  туралы ұыныстар түсті.


06/02/2017

Бүгін, ақпан айының 6-да,  орталықтың 308-ші  аудиториясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұқаев  Ерболат Рахметұлымен кездесу шарасы өтті. Қайта даярлау курсы және біліктілік арттыру семинарының тыңдаушыларымен өткен кездесуде Сенат депутаты мемлекеттік қызметшілерді  ҚР Президентінің биылғы жылдың қаңтар айындағы Жолдауымен таныстырып, аталған құжаттың басты басты басымдықтарына тоқталды.   Ол өз сөзінде бүгінгі күні әлемде болып жатқан өзгерістерге Жолдауда қойылған міндеттер арқылы ғана  жауап беруге болатындығына назар аударып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сенат депутатымен өткен шараға   БҚО  әкімі  аппаратының  басшысы Қанаев Қанат Шәріпұлы, «КазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің Президенті» Әйтімов Ақсерік Сарыұлы қатысып отырды.

31/01/2017

30-шы қаңтарда 2017 жылдың жоспар-кестесіне  сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы басталды.

27/01/2017

27-і қаңтарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталып, тыңдаушыларға  куәліктер тапсырылды.

20/01/2017

20-шы   қаңтарда «Селолық округтер жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру» тақырыбымен өткен біліктілік арттыру семинары аяқталып, тыңдаушылар  сертификатқа ие болды.

Мемлекеттік тілге арналған сайттар ашылды

ҚР Президентінің  2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген  ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасында интернет кеңістігінде қазақ тіліндегі контентті көбейтуге баса мән берілген. Бағдарламадағы аталған талапты орындау үшін  ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің  тапсырмасы бойынша  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы  ақпараттық технология саласының білікті  мамандарын, жетекші әдіскерлерді, тіл білімі мен әдебиеттану саласының ғалымдарын жұмылдырып  интернет-портал, электронды сайттар  даярлады.

Мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына терең енгізіп, жұртшылықтың қазақ тілінде  сауаты сөйлеуі мен жазуын қамтамасыз ету мақсатында  дайындалған  «Тіл әлемі» порталы, «Аtau.kz» ономастикалық,  «Emle.kz» орфографиялық, «Termincom.kz» терминологиялық сайттарында  тіл мәдениеті мен білімі әр түрлі  тұтынушылардың қажеттілігі мен  қызығушылығы ескерілген.  Сондықтан жаңа үрдістегі интернет-порталды, сондай-ақ  ономастикалық,  орфографиялық, терминологиялық электронды қорларды оқушылардан бастап, студенттер мен ізденушілер,  оқытушылар мен ғалымдар,  сала мамандары, жалпы жұртшылық пайдалана алатынын  айтқымыз келеді.

16/01/2017

16  қаңтарда жоспар-кестеге  сәйкес «Селолық округтер жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары басталды.

13/01/2017

13  қаңтарда «Іс қағаздарды жүргізу және электрондық құжат айналымы» тақырыбымен өткен біліктілік арттыру семинары аяқталып, тыңдаушыларға  сертификат берілді.

09/01/2017

Бүгін, 9-шы қаңтарда, орталықта 2017 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспар-кестеге  сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы және «Іс қағаздарды жүргізу және электрондық құжат айналымы» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру семинары басталды.

06/01/2017

Қаңтардың 6-сы күні БҚО әкімдігі «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК жанындағы Оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысы өтті.

Отырыста оқу-әдістемелік кеңестің жаңа құрамын, оқу-әдістемелік кеңес төрағасын және жауапты хатшысын сайлау және бекіту, 2017 жылы ұйымдастырылатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстары мен семинарларының оқытушылар құрамын, дәріс тақырыптары мен сағатын бекіту, мемлекеттік тілді «Қазтест» жүйесі бойынша оқыту курстары мен тілдік біліктілікті арттыру семинарларының бағдарламалары мен сағаттарын, оқытушылар құрамын бекіту, озық сабақ үлгілері мен дәрістердің жинағын шығару туралы ұсынысты қарастыру және редакция алқасын бекітуге байланысты  сұрақтар қаралып, талқыланды.

28/12/2016

БҚО әкімдігінің

«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру

және мемлекеттік тілді оқыту орталығының» МКҚК

2016 жылғы атқарған жұмысы туралы

АҚПАРАТ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»  МКҚК өз қызметін ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы   №152 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Ережелеріне»  және Кәсіпорын Жарғысына сәйкес жүргізеді.

2016 жылы Орталықта мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру  бекітілген жоспар-кестеге сай жүргізіліп, жыл бойы 27 біліктілікті арттыру семинарлары (40 сағ.) және 15 қайта даярлау курстары (120сағ.) өткізілді.  778 тыңдаушы біліктілікті арттыру, 366 тыңдаушы қайта даярлаудан өтті және тиісті сертификаттар мен куәліктерге ие болды Қайта даярлаудан өткен қызметшілердің ішінде мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалғандар саны 281 болса, басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметші – 85. Сонымен бірге 2016 жылдың қыркүйек айында облыс аудандарында және Орал қаласында арнайы 8 сағаттық семинарлар ұйымдастырылды. Мүгедектермен қарым-қатынас жасау бойынша ұйымдастырылған осы арнайы семинарларға 277 мемлекеттік қызметші қатысып, сертификаттар алды. Курстар мен семинарларға барлығы 1421 қызметші қатысты (1 қосымша).

2016 жылы қайта даярлау курстары және біліктілікті арттыру семинарларындағы мемлекеттік қызметшілер үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету», «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» тақырыптары бойынша 3  дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылдың  мамыр айында   шақыру бойынша Астана қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры  Әбуов Айдар Парқұлы келіп, 1 күндік семинар өткізді.

Орталықта ұйымдастырылған семинарлар мен курстарда дәріс оқуға штаттық құрамдағы оқытушылар, жергілікті ЖОО-лардан шақырылған ғалымдар және жергілікті мемлекеттік органдардың білікті мамандары тартылды. Дәріс тақырыптары Орталық жанындағы Оқу – әдістемелік кеңесте жыл басында бекітілді. Оқу үрдісі барысында тыңдаушылармен кері байланыс жүйесі (сауалнама, рейтинг) тұрақты жұмыс істеді. Тыңдаушылармен кері байланыс жүйесі және аналитикалық сараптама, әдістемелік жұмыс нәтижелері бойынша 2016 жылдың үздік дәрістері мен оқытушылары анықталып, арнайы жинақта жариялануы үшін баспаға ұсынылды.

Орталық жұмысының келесі бағыты – мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту.     Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  міндеттерін іске асыру  мақсатында Орталықта мемлекеттік қызметшілерді елімізде қабылданған ортақ стандарт пен типтік бағдарлама негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылатын деңгейлік курстарда (100 сағат) және  тіл біліктілігін арттыру семинарларында (40 сағат) оқыту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2016 жылы  бұл бағыттағы жұмыс жалғасты.

Деңгейлік курстарда 121, тіл біліктілігін арттыру семинарларында 34 тыңдаушы қамтылса, 23 қызметші «Қазтест» жүйесі бойынша тілдік деңгейді анықтау сынағына қатысты (2 қосымша). Мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімі мамандары арнайы біліктілікті арттыру семинарларына қатысты, үздік сабақ үлгілері әдістемелік жинақта жарияланды. Сонымен бірге Орталықты тіл оқыту орталықтарын аккредиттеу үрдісіне дайындау, құжаттарды реттеу, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 2017 жылы да жалғасатын болады.

Қазіргі кезде елімізде аймақтық оқу орталықтары жұмысын жаңа деңгейге көтеру бағытында қойылған талаптар мен міндеттерге сәйкес Орталықтың инфроқұрылымын дамыту бойынша да жоспарлы жұмыстар басталды. Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын арттыру.  Орталықтың стратегиялық даму жоспарын жасау, Оқу-әдістемелік кеңес жұмысын жаңарту, оқытушылар мен мекемелерден сабақ беруге шақырылатын мамандарды іріктеу мен шақырудың ортақ критерийлерін енгізу сияқты 2017 жылға жоспарланған шаралар осы мақсаттар мен міндеттерден туындауда. Бұл бағытта Орталық басқарушы органмен және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Қосымша (1 және 2 бет)

1 қосымша

1. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру


Семинарлар мен курстар

Облыс аудан-

дары

Облыстық басқармалар

Орал қаласы әкімдігі

Мәслихат

Республикалық департаменттер

Барлығы

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

1

Біліктілікті арттыру

(40 сағ)

241

222

23

29

38

33

8

17

221

477

531

778

2

Қайта даярлау (120 сағ)

188

194

65

77

32

25

-

1

80

69

365

366

3

Мүгедектермен қарым-қатынас бойыншы семинар (8 сағ)

-

277




 

 

 

 

 

-

277

Барлығы:

1421

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларында оқыған қызметшілер:

-          жергілікті атқарушы орган (ЖАО) қызметшілері - 301 ;

-          аймақтық атқарушы орган (ААО) қызметшілері - 477 .

 

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында оқыған қызметшілер:

-          жергілікті атқарушы орган (ЖАО) қызметшілері - 297 ;

-          аймақтық атқарушы орган (ААО) қызметшілері – 69.

 

2 қосымша

2. Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту

 

Семинарлар мен курстар

Облыс аудандары

Облыстық басқармалар

Орал қаласы әкімдігі

Республикалық департаменттер

Барлығы

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

жоспарланғаны

оқығаны

1

Мемлекеттік тілді оқыту курстары

68

63

8

-

14

10

70

48

160

121

2

Тіл біліктілігін арттыру семинарлары

9

9

3

3

 

38

22

50

34

 

77

72

11

3

14

10

108

70

210

155

3

«Қазтест» жүйесі бойынша диагност.тест

23

23

23

23

Ескерту: оқуы жоспарланған мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат жыл басында мемлекеттік мекемелер басшыларынан келген қызмет хаттар бойынша берілді.

 

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары мен деңгейлік курстарда оқыған қызметшілер:

-          жергілікті атқарушы орган (ЖАО) қызметшілері - 85 ;

-          аймақтық атқарушы орган (ААО) қызметшілері - 70.

«Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тест тапсыруға қатысқан қызметшілер:

-          аймақтық атқарушы орган (ААО) қызметшілері - 23.

02/12/2016

2016 жылдың 28 қараша және 2 желтоқсан айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында»   «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» тақырыбында   біліктілікті  арттыру  семинары өтті.

2 желтоқсан күні  аталған шараға қатысқан облыстық  басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің басшылары, аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері  семинар қорытындысы бойынша тиісті үлгідегі сертификаттарға ие болды.

28/11/2016

Қараша айының 25-ші күні   жоспар-кестеге сәйкес басшылық қызметке алғаш тағайындалғандар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі» тақырыбында және облыстық  басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық, аудандық дербес бөлімдері мамандары үшін «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» тақырыбында ұймдастырылған қайта даярлау курстары мен  семинары аяқталып, аталған шараларға қатысушы  мемлекеттік қызметшілерге куәліктер мен сертификаттар табыс етілді.

Сол күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің мамандарына арналған «ҚР мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағытары» тақырыбы бойынша  біліктілікті арттыру семинары аяқталды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ұйымдастырылған семинар  қатысушыларына  сертификаттар берілді.

11/11/2016

10 қараша күні   қайта даярлау курстарындағы басшылық қызметке алғаш тағайындалғандар  және мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданғандар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысын орталық директорының міндетін атқарушы Болат Өтеғалиұлы  Жексенғалиев ашты. Шараға қатысып, сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік қызметте өтіп жатқан реформаларға тоқталды, аталған мемлекеттік органның жұмысын жетілдіру мәселелері туралы өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатысушы мемлекеттік органдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты көптеген сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты.


09/11/2016

8 қараша күні  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлеріне  Мемлекеттік тілді жеделдете-деңгейлік оқыту (ҚАЗТЕСТ жүйесі) курс сабақтары мен  «Мемлекеттік қызмет және тілдік құзырет» (40 сағат) атты семинары басталды.

Семинарда «Мемлекеттік қызметшінің сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер», «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану мәдениеті. Терминология мәселелері», «Мемлекеттік қызметшінің тіл мәдениеті және тілдік нормалар», «Іс жүргізудегі аударма тәжірибесі. Аударма тәсілдері мен түрлері», «Қазтест бағдарламасы», «Мемлекеттік тілде іс жүргізуді біріздендіру мәселесі және тілдік нормалар», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым, қазақ орфографиясының қағидаттары мен ережелері», «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану мәдениеті», «Сөйлеу мәдениетіндегі лексика-семантикалық нормалар» тақырыптары  бойынша белгілі тілші-ғалымдар дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы әдіскерлері практикалық сабақтар  мен тренингтер жүргізеді.

Семинар соңында тыңдаушыларға  сертификат беріледі.

07/11/2016

24 – 28 қазан айы, 31 қазан және 4 қараша айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің мамандарына арналған «ҚР мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағытары» тақырыбы бойынша  біліктілікті арттыру семинары өтті. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ұйымдастырылған семинарға 83 адам қатысып, сертификаттарға ие болды.

20/10/2016

2016 жылдың шілде – қыркүйек  айларында  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша  басқармасында ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша деңгейлік курс сабақтары өтті.

Мекеме қызметкерлері  (40 тыңдаушы) А2 базалық, В1 орта, С1 жоғары деңгейлерінде оқыды.  Курс барысында алдын ала, аралық және қорытынды тест тапсырмалары орындалып, тыңдаушылардың үлгерімін  бағалау рейтингісі шығарылды. Деңгейлік курстың қорытындысы жөнінде мекеме басшысының атына қызмет хат жіберілді.

19.09-07.10 аралығында мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңа қабылданған қызметшілер үшін «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі» тақырыбындағы курс басталды. Тыңдаушылар тренинг барысында ұйымдасқан топ жұмысын қорғау үстінде. Сонымен қатар тыңдаушылар ірі мәдени орталықтардың бірі – өлкетану мұражайында болып, жаңа құнды жәдігерлермен танысты.

05/09/2016

2016 екінші жартыжылдық жоспары бойынша Орталық өз жұмысын бастады. 5-23 қыркүйек аралығында оқитын алғашқы екі топ қабылданып, Облыстық басқармалардың,қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары, аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін «Мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару жүйесі. Іс қағаздарды жүргізу және электрондық құжатайналым» және «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары» тақырыбындағы курстардың ашылуы өтті.

Курстың ашылуына БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы және Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жалмағамбетов Арман Жанатұлы қатысып, ұжымды, тыңдаушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Курс бағдарламасы мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет негіздерін, экономиканың жаңа бағыттарын, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының негіздерін білуге, жалпы мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.


01/07/2016

«Қазтест» жүйесі бойынша деңгейлік курстары

2016 жылдың  I  жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінде  бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес басты бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың 1- 5 ақпаны аралығында Орталықта мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (16 тыңдаушы, 40 сағат) семинары  өтті. Семинар  белгіленген кестеге сәйкес өтті, сағаттар (40 сағ) орындалды. Алдағы уақытта семинарларды тапсырыс пен сұранысқа қарай мекемелер мен аудандарда өткізу мүмкіндігі де қарастырылуда.

2016 жылдың сәуір - шілде айларында Бөрлі, Теректі, Тасқала, Зеленов аудандары әкімдіктерінен келген қызмет хаттар негізінде  «Қазтест» жүйесі бойынша  мемлекеттік қызметшілерге арналған деңгейлік курстарды ұйымдастыру бағытында  жұмыстар жүргізіліп,   оқу топтары құралды, күндізгі оқыту әдісімен деңгейлік курстар сабақтары ұйымдастырылды.   Жауапты оқытушылар  әр топта бағдарлама бойынша белгіленген курс сағаттарын (100 сағат) толық орындады, біліктілік сынақтарын өткізді. Барлық  тыңдаушы -  68. Курс нәтижесі бойынша тапсырыс беруші аудан әкімдіктеріне   есепхаттар жіберілді.

Суретке қосымша:

Теректі ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған оқу тобы (А2 деңгейі) Орталықтың оқу кабинетінде қорытынды сынақ тапсыруда. Жауапты оқытушы Г.Іскендір.

30/06/2016

Жартыжылдық оқу үрдісінің қорытындылары

2016 жылдың 24 маусымында оқу жылының  I жартыжылдығы аяқталды. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту үрдісі орталықта бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілді. Осы мерзім ішінде 10 біліктілікті арттыру семинарлары және 8 қайта даярлау курстары  өткізілді.

Бірінші жартыжылдықта ұйымдастырылған 18 семинар мен курстарға 463  мемлекеттік қызметші қатысып, тиісті сертификаттар мен куәліктерге ие болды.

Мемлекеттік қызметшілердің  264-і біліктілікті арттырудан, 199-ы қайта даярлаудан өтті.

Аталған мерзім ішінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті  мәселелері», «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыптары бойынша 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оқыту орталығының ұйымдастыруымен  мемлекеттік тілді оқытудың  деңгейлік курстары  бойынша 68 тыңдаушы және «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» семинарында 16 тыңдаушы қамтылды.

23/06/2016

23 маусым күні  ағымдағы жылдың  I жартыжылдығына жоспарланған  «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі» курсының тыңдаушылары, «Б» корпусының  әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер,  «2020 жылға дейінгі Орал қаласының даму стратегиясының бағдарламасы», «2016-2020 жылдарға арналған БҚО білім басқармасының аумағын дамыту бағдарламасы», «Қазақстандағы жергілікті бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етудегі қаржылық жетістіктер», «ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары», «Қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары» сынды өзекті тақырыптарды қозғап, талдау жазбахаттарын  қорғады.

23/05/2016

Мемлекеттік басқару академиясы өкілінің дәрісі

«Академия мен Өңірлік оқыту орталықтарының арасындағы өзара байланыс жасау бойынша  2016 жылға арналған шаралар жоспарының» негізінде 20 мамыр  күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Абуов Айдар Паркулұлы  облыстық басқармалардың, қала, аудан, округ әкімдерінің және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің, аумақтық департаменттердің басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілері үшін  «Мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен жүзеге асуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында дін, дінаралық байланыстарға қатысты мемлекеттің саясаты,  дiни бірлестіктермен байланыстар жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жұмысы туралы сөз қозғалды.

23/05/2016

Академияға түсуші талапкерлермен кездесу

2016 жылдың 20 мамырында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Абуов Айдар Паркулұлы   Академия мен өңірлік оқыту орталықтарының арасындағы өзара байланыс жасау бойынша  2016 жылға арналған шаралар жоспары аясында оқу орнының магистратура мен  докторантурасына  түсуге талап білдірген үміткерлермен кездесу өткізді.

Орталыққа келген академия өкілі шараға қатысқан облыстық, қалалық басқарма, департаменттердің мемлекеттік қызметшілері тарапынан  түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.

27/04/2016

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні  Орталық негізінде облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппаратының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері үшін  БҚО әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл  Сабирова Жібек Меңешқызы ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және  мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды  жоғарылату мақсатында  қабылданған қаулы бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

19/04/2016

2016 жылдың 19 сәуірінде орталықтағы біліктілікті  арттыру семинарының тыңдаушылары Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің Өңірлік кеңсесінің экологиялық команда ассистенті, сарапшы Т.Әлібекованың «Дүниежүзілік банктың экологиялық саясатына шолу» атты дәрісін тыңдады.

Дәріс Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп, орталықтың тыңдаушылары оған онлайн-режимде қатысып отыруға мүмкіндік алды.

07/04/2016

Сәуір айының 6-да БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру семинарының тыңдаушылары облыстық басқармалардың, аудан әкімдері аппараттарының бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары «Қазақстан-Орал» телеарнасында болып, аталмыш мекеменің жұмысымен танысты.

«Қазақстан» «РТРК» директоры А.Ғұбашев тыңдаушыларды телеарнаның қалыптасу тарихымен, арна мұражайымен таныстырып, тікелей эфир түсірілімінің процесіне шолу жасады. Мемлекеттік қызметшілер  бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берудің ерекшеліктері, шаршы топ алдына өзін-өзі ұстау,сөйлеу мәдениеті туралы танымды дәріс тыңдады.

18/03/2016

2016 жылдың  16-шы наурыз күні  орталықтың  ұйымдастыруымен басшы лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер, аумақтық департаменттердің, облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық дербес бөлімдердің мамандары үшін  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға қатысып, сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің  басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы   Нұртазин  Мирболат Сүйеуұлы, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы ,  БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ихсанова Жамал Сағынғалиқызы  100 қадам жоспары бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарының мақсат-міндеттері жөнінде  баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

11/03/2016

Наурыздың 10-да мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер  «Қазақстан-Орал» телеарнасында болып, аталмыш мекеменің жұмысымен танысты.

Қайта даярлау курстарының тыңдаушылары «Қазақстан» «РТРК» телеарнасының қалыптасу тарихымен танысып, арна мұражайында болды. Сонымен қатар олар  арнаның тікелей эфир түсірілімінің, кадрларды монтаждау, тілшілердің эфирге дайындалу процестеріне куә болды.

09/03/2016

Наурыз айының 4-де академик, профессор, философия ғылымдарының докторы Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы орталықта болып мемлекеттік қызметшілер алдында дәріс оқыды.

Орталықтың қонағы болған академик ақпараттық-насихат тобының мүшесі ретінде Астанадан тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» пойызымен Орал өңіріне  келген болатын.

«Нұр Отан» партиясы ХVІІ съезінің делегаты және қатысушысы, «Нұр Отан» партиясының «Халық бірлігі» эксперттік тобы мен «Мирас» қоғамдық кеңесі мүшесінің  дәрісі өте тартымды өтіп, тыңдаушылардың көңілінен шықты.

26/02/2016

2016 жылдың  26 ақпан  күні   қайта даярлау курстары мен біліктілікті  арттыру семинарының тыңдаушылары оқуларын аяқтап, тиісті үлгідегі куәлік пен сертификаттарға ие болды.

Оқуды аяқтағаны жөнінде құжаттарды тыңдаушыларға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  БҚО бойынша департаментінің басшысы Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин тапсырды. Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерге куәліктер мен сертификаттарды табыс ете отырып, елімізге адал қызмет атқаратын азамат болуларына тілектестігін білдірді.

 

25/02/2016

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы

2016 жылдың  24 ақпан  күні   орталық негізінде облыстық басқармалардың бөлім басшылары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім басшылары және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен ауыл әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді орталық директоры Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы ашып, шараның  басты мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Алғашқы сөзді алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары  Мұратов Жақсат Мұратұлы өз баяндамасында  мемлекеттік органдар тарапынан  көрсетілетін қызметтердің   орындалуын бағалау,бақылау, тексеру жүргізу жұмыстары туралы айтты.

Шара барысында сонымен қатар БҚО әкімдігінің ақпараттық  технологиялар және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы  Ашық А. С., ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Ибрашев Б.  С.,  БҚО әділет департаментінің бөлім басшысы Қамбетов Н. Б., ХҚКО РМК БҚО бойынша №1 бөлімінің  «Реттеу залы» бөлімшесінің басшысы Қуанышалиева Н. Қ. тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысып, сөз сөйлеген мемлекеттік органдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша семинар мен курс тыңдаушылары тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап беріп,  ортақ мәселелер бойынша  өзара пікір алмасты.

12/02/2016

2016 жылдың 11-ші  ақпаныңда   біліктілікті  арттыру семинарында дәріс алып жүрген ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының мамандары Подстепный ауылдық округінде болды.Тәжірибе бөлісу мақсатында өткен шара барысында ауыл мамандары округ аппаратының жұмысымен танысты, ауыл әкімі және ауыл әкімінің орынбасарына ауылдың әртүрлі мәселелеріне байланысты сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

12-ші ақпан күні семинар  тыңдаушылары бақылау сынақтарын тапсырып,   тиісті үлгідегі сертификаттарға ие болды.


08/02/2016

2016 жылдың 1- 5 ақпаны аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында»  мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинары өтті.

Семинарда  «ҚАЗТЕСТ жүйесі», «Терминология мәселелері»,   «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану, сөйлеу мәдениеті»,  «Шешендік өнер алғышарттары», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым»,  «Іс қағаздар стилі», «Аударма теориясы мен практикасы» тақырыптары бойынша белгілі тілші-ғалымдар  дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы-әдіскерлері  практикалық сабақтар мен тренингтер өткізді. Семинар соңында тыңдаушылар бақылау сынақтарын тапсырып,  оларға  тиісті үлгідегі сертификаттар берілді.

Арнайы сауалнамаға қатысқан  тыңдаушылар  семинардың өтуі мен ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді және өткізілген шараның маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, біліктілік семинарларын тұрақты түрде, жиі ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.

 

19/01/2016

2016 жылдың бірінші жартыжылдық жоспары бойынша Орталық өз жұмысын бастады. 18-22 қаңтар аралығында және 18 қаңтар - 5 ақпан аралығында оқитын алғашқы екі топ қабылданып, аудан әкімі аппаратының, қалалық, аудандық дербес  бөлімдердің мамандары, департаменттің мемлекеттік қызметшілері үшін «Мемлекеттік басқару жүйесі және іс қағаздарын жүргізу мен сөйлеу мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолдану аясын дамыту» және мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңа қабылданған қызметшілер үшін «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі» тақырыбындағы курстардың ашылуы өтті.

Курс бағдарламасы мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет негіздерінің, экономиканың жаңа бағыттарын, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының негіздерін білуге, жалпы мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

 

18/12/2015

Жартыжылдықтың қорытындылары

2015 жылдың IІ жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілді. Осы мерзім ішінде 11 біліктілікті арттыру, 10 қайта даярлау курстары бойынша семинарлар өткізілді.

Екінші жартыжылдықта ұйымдастырылған 21 семинарға 539 мемлекеттік қызметші қатысып, тиісті сертификаттар мен куәліктерге ие болды.

Мемлекеттік қызметшілердің  266-ы біліктілікті арттырудан, 273-і қайта даярлаудан өтті.

Аталған мерзім ішінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті  мәселелері», «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыптары бойынша 5 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оқыту орталығының ұйымдастыруымен  мемлекеттік тілді оқытудың  деңгейлік курстары  бойынша 68 тыңдаушы және «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» семинарында 27 тыңдаушы қамтылды.

 

11/12/2015

Оқытушы құрамымен өткен кездесу

Желтоқсан  айының 11-де орталықтың ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарынан келіп мемлекеттік қызметшілерге  дәріс оқып, тәжрибелерімен бөлісіп жүрген оқытушылармен кездесу өтті.

Кездесу шарасын ашып, сөз сөйлеген орталық басшысы  Ә.Серғалин  2015 жылғы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы жиналғандарға баяндап,  мекемелер мен жоғарғы оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнағанын атап өтті, оқу үдерісіне өз үлесін қосып келе жатқан профессор-оқытушы құрамына алғыс білдіріп, алда келе жатқан мейрамдармен құттықтады. Ол сонымен бірге орталық  Мемлекеттік басқару академиясының филиалы болып, статусының өзгеруіне байланысты оқытушыларға  үлкен міндеттер жүктелетіні туралы айтты.

Орталық басшысы Ә.Серғалин пікір алмасу барысында түскен сұрақтарға жауап беріп,  оқытушылар тарапынан түскен ұсыныстарды қабыл алды, олардың жүзеге асырылатыңына сенім білдірді.

Кездесу соңында оқытушылардың басшылығына жолданған «Алғыс хаттар» салтанатты түрде тапсырылды.

 

11/11/2015

 

Евроодақ өкілінің дәрісі

11 қараша күні «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» негізінде облыстық басқармалардың бөлім басшылары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім басшылары және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен орынбасарлары және мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған қызметшілер үшін шет елден келген сарапшылардың дәрісі ұйымдастырылды.

Орталық директоры Ә.Серғалин Европалық одақ Жобасының өкілі –аға сарапшы М.Фоедингер, Жоба директорының орынбасары К.Сокульский, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңес төрағасы Қ.А.Токушев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңес төрағасы М.Б.Қадырбекті таныстырып, дәрістің мақсатына тоқталды.

Алғашқы сөз Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары  Қ.А.Токушевке  берілді. Ол   бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте, мемлекеттік қызмет туралы заңдарда болып жатқан өзгерістер туралы қысқаша баяндама жасады.Келесі сөз кезегі  Европалық одақ Жобасының өкілі - аға сарапшысы М.Фоедингерге берілді.  Ол өз мастер-класында Евроодақтағы мемлекеттік қызмет туралы айтып, Австрия, Голландия және  Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы  заңдағы  ерекшеліктерге және  іс-тәжірибелерге  тоқталды, осы саладағы өзінің тәжірибесімен  бөлісті.

М.Фоедингер «ЕО жобасы шеңберіндегі мемлекеттік қызметтегі реформалар» тақырыбы бойынша өткізген мастер-класс қызықты және тартымды өтті, барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Дәріс барысында ол мемлекеттік қызметшілер тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.Дәріс соңында орталық басшысы Әкімгерей Серғалин  тыңдаушылар атынан қонақтарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

22/10/2015

Ең басты қағидат – ортақ іске жұмылу

 

2015 жылдың 22 қазан күні   «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» негізінде ауыл әкімдеріне, облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппаратының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге  облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев ел болашағының бағытын айқындайтын «100 нақты қадам» жоспары тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс белгіленген уақыттан 2 сағат уақытқа созылып, жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар еліміздің дамуына тың серпін беретін бастама – Ұлт жоспарын  табысты жүзеге асыру мақсатында  іске асырылуға тиіс  жұмыстар жөнінде, экономикалық даму бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға байланысты көп сұрақтарға жауап алды.

Дәріс соңында орталық басшысы Әкімгерей Серғалин облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиевке  орталықта дәріс алып жүрген мемлекеттік қызметшілер атынан рахмет айтып, ризашылығын білдірді, болашақта мұндай игі бастамалар өз қолдауын тауып отыратынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

08/10/2015

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы

2015 жылдың  8 қазан күні   орталық негізінде ауыл округтерінің әкімдері, басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер, аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері, облыстық  басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппаратының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары үшін «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді орталық директоры Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы ашып, шараның  басты мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, алғашқы сөзді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті - облыстық Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазинге  берді.

Сонымен қатар БҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Мырзабеков   Руслан Сатыбалдыұлы, Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Рашқалиев  Естай Алтайұлы, БҚО халыққа қызмет көрсету орталығы, Орал қалалық «Реттеу залы» бөлімінің басшысы Қуанышалиева Назымгүл Құрманғалиқызы тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, сөз сөйледі.

Мемлекеттік органдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап беріп,  ортақ мәселе турасында   өзара пікір алмасты.

 

 

****************************************

01/10/2015

Екінші жартыжылдық жоспары бойынша 1 қазан күні ауылдық округ әкімдері аппаратының мамандары үшін кезекті көшпелі семинар Дарьян ауылдық округінде өткізілді.

«Іс қағаздарын жүргізу және электрондық құжат айналымы» тақырыбына орай аппарат қызметшілері ауыл әкімдігінің жұмыс барысымен танысудан бастады.  Б.Х. Ерболатов күн тәртібінде тұрған басты мәселелер туралы айта келіп, іс басында жүрген бас мамандарға сөз берді. Мемлекеттік қызметшілер ортақ мәселе турасында  сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Тәжірибе бөлісу мақсатында  ауыл округ аппаратының мамандары өз жұмысымен, құжаттарды толтыру, іс қағаздарды жүргізу тәртібімен таныстырды.

Семинар соңы Дариян ауылының ірі мәдени ошағы Шолохов мұражайында өтті. Тыңдаушылар көп жылдық тарихи бар асыл мұралар, жәдігерлерді тамашалап, жазушының өмір жолы туралы толық мағлұмат алды.

 

 

 

****************************************

30/09/2015

БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілер  «Қазақстан-Орал» телеарнасында болып, аталмыш мекеменің жұмысымен танысты.

«Қазақстан» «РТРК» директоры А.З.Ғұбашев телеарнаның қалыптасу тарихымен таныстырып, арна мұражайына тоқталып, тікелей эфир түсірілімінің процесіне шолу жасады.Тыңдаушылар  бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берудің ерекшеліктері, шаршы топ алдына өзін-өзі ұстау,сөйлеу мәдениеті туралы танымды дәріс тыңдады.

**********************************

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың негіздері»  семинары

10 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың негіздері»  семинарына қатысушы  мемлекеттік қызметке алғаш  қабылданған тұлғалар  Орал механикалық зауытыңда болып,  өндірістің жұмысымен танысып қайтты.

 

 

**********************************

«5 реформа және 100 қадам»

Оқу маусымы кезекті дөңгелек үстел шарасымен жалғасты. Орталық директоры  Ә.Серғалин облыстық департаменттер, басқармалардың бөлім басшылары, аудандық, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, орынбасарлары, округ әкімдері мен басшы лауазымына тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерді шақырылған қонақтармен таныстырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Елбасының Ұлт жоспарындағы 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мен нақты мақсаттарға қол жеткізу міндетінің орындалуы екені түсіндіріліп, келген қонақтарға сөз берілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сүйінбаев Н.Б., БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нағашыбаев М.И., Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары  Гайнешев Е.Б., БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Халиуллин Ж.Ж. нақты жоспар бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарының мақсат-міндеттері жөнінде  баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

********************************************

2015 екінші жартыжылдық жоспары бойынша Орталық өз жұмысын бастады. 1-18 қыркүйек аралығында оқитын алғашқы екі топ қабылданып, басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесі» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың негіздері» тақырыбындағы курстардың ашылуы өтті.

Курс бағдарламасы мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет негіздерін, экономиканың жаңа бағыттарын, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының негіздерін білуге, жалпы мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Орталықтың  І жартыжылдықтағы  оқу үдерісі туралы

2015 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілді. Осы мерзім ішінде 8 біліктілікті арттыру, 6 қайта даярлау курстары бойынша семинарлар өткізілді. Жыл басынан бері өткен 14 семинарда  450 мемлекеттік қызметші қамтылып, тиісті сертификаттар мен куәліктерге ие болды. Оқытылғандардың 246-ы біліктілік арттырудан, 204-і қайта даярлаудан өтті.  Олардың ішінде облыстық басқармалар  бөлім басшылары мен мамандары, аудан және Орал қаласы әкімі аппараттарының, дербес бөлімдердің басшылары мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары  және басқа санаттағы қызметкерлер болды.

Мемлекеттік қызметшілер өндірістік тәжірибеден өтуі үшін көшпелі дәріс шеңберінде Зеленов және Теректі аудандарында ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс тәжірибесімен, Орал механикалық зауытыңда, «Фирма «Родник» сынды өндіріс ошақтарында болып, аталған кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Оқу үдерісінің I жартысында мемлекеттік қызметшілер үшін 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Олардың ішінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті  мәселелері» тақырыбы аясында 2 дөңгелек үстел,  «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыптары бойынша 2 дөңгелек үстел.

Оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік тілді оқытудың  деңгейлік курстары  бойынша 50 тыңдаушы және «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» семинарында 16 тыңдаушы қамтылды.

22.06.2015/ 2015 жылдың 19 маусымында  ауыл әкімдері, басшы лауазымға тағайындалған  мемлекеттік қызметшілер    және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін ұйымдастырылған семинарлар аяқталып, І жартыжылдықтың соңғы 2 топтағы   тыңдаушыларына куәліктер табысталды.


12.06.2015/ «Мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттілігін дамыту»  семинары

12-ші маусымда «Мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттілігін дамыту»  атты семинарға қатысушы  мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған тұлғалар  Орал механикалық зауытыңда болып,  өндірістің жұмысымен танысып қайтты.

 

11.06.2015/  Ұлт жоспары - 100 нақты қадам

2015 жылдың 11 маусымында Орталық негізінде ауыл әкімдеріне, басшы лауазымына тағайындалған  мемлекеттік қызметшілерге    және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған  Елбасы  Н.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараны  Орталық директоры Ә.Серғалин ашып, дөңгелек үстелдің мақсат-міндеттерімен таныстырып, келген қонақтарға сөз берді.

Мемлекеттік қызметке тың серпін беретін бастама – Ұлт жоспарын  жүзеге асыру барысында орындалып жатырған жұмыстары жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сүйінбаев Н.Б., БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің басшысы Әжіғалиев А.Қ., БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ихсанова Ж.С., БҚО сот кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Жұмашева Ә.Қ. баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

10.06.2015/ «XXI  ғасырдағы мемлекеттік басқару: тұжырымдамалар, әдістер мен технологиялар»  семинары

10-шы маусымда «XXI  ғасырдағы мемлекеттік басқару: тұжырымдамалар, әдістер мен технологиялар»  семинарында дәріс алып жүрген   ауыл әкімдері және басшы лауазымға тағайындалған  мемлекеттік қызметшілер «Фирма Родник» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысымен танысты.

 

21.05.2015/  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы

2015 жылдың  21 мамыр күні   орталық негізінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған ауыл, село округ мамандары  және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді орталық директоры Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы ашып, шараның  басты мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, хабарлама жасады.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті - облыстық Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұртазин  Мирболат Сүйеуұлы, БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Сабыров Нұрлан Меңешұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Мұратов Жақсат, БҚО Әділет департаменті жылжымайтын мүлік бөлімінің бас маманы Ахметова Гүлайым Мұхитқызы,  БҚО Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Батарғалиева Жанна Сатыбалдықызы, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Әуелбаева Гүлнар Нағиқызы қатысып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, сөз сөйледі.

Мемлекеттік органдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.

09.04.2015/ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2015 жылдың 9 сәуір күні БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік      және қызметшілерді  қайта даярлау, біліктілігін арттыру  мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК  негізінде мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған мамандар мен қала, аудан бөлім басшыларының қатысуымен,  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті  мәселелері» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Тақырыпқа сай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы  Н.Б.Сүйінбаев, БҚО бойынша  тексеру комиссиясының мүшесі Қ.С. Алпысбаев, ҚР Бас прокуратурасы  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша  басқармасының бөлім басшысы О.С.Крылова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департмент басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш, БҚО бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Ә.Ш. Жұбаналиева   сөз алып, өз жұмыстары бағытында баяндама жасады.

Мемлекеттік қыметшілер күнделікті жұмыстарында кездесіп жүрген қиындықтарына сай ұсыныстарын айтып,  ой бөлісіп, өз сұрақтарына жауап алды.

13.02.2015 / 12  ақпанда   біліктілікті  арттыру семинарында дәріс алып жүрген ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының мамандары Подстепный ауылдық округінде әкім аппаратының жұмысымен танысып, «Үміт» лингвистикалық гимназиясының мұражайында болды

28.01.2015 / Қаңтар айының 27-де  біліктілікті арттыру және қайта даярлау семинарларында дәріс алып жүрген мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы  бойынша департаменті мен Орталықтың ұйымдастыруымен өткен   «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысты.

21.01.2015 / 21-ші қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы орналасқан ғимараттың кіші мәжіліс залында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы  №986 Жарлығымен бекітілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын» насихаттау  мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

15.01.2015 / Бүгін, қаңтар айының 15-де, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы оқу үрдісіне байланысты ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Отырыста Кеңестің жаңа құрамы, оқу бағдарламалары,  ережесі бекітіліп кеңес мүшелерінің оқу мен оқыту процестеріне қатысты  мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

2015 жылдың 22 қазан күні   «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» негізінде ауыл әкімдеріне, облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппаратының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге  облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев ел болашағының бағытын айқындайтын «100 нақты қадам» жоспары тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс белгіленген уақыттан 2 сағат уақытқа созылып, жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар еліміздің дамуына тың серпін беретін бастама – Ұлт жоспарын  табысты жүзеге асыру мақсатында  іске асырылуға тиіс  жұмыстар жөнінде, экономикалық даму бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға байланысты көп сұрақтарға жауап алды.

Дәріс соңында орталық басшысы Әкімгерей Серғалин облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиевке  орталықта дәріс алып жүрген мемлекеттік қызметшілер атынан рахмет айтып, ризашылығын білдірді, болашақта мұндай игі бастамалар өз қолдауын тауып отыратынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************